Гепатит а б с д казакша

Гепатит а б с д казакша

«Гепатит ТОҚТА!»

23 шілдеден 21 тамызға

дейінгі Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған 

«Гепатит ТОҚТА!» ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы

Басты міндеттері:

— Вирустық гепатиттер, алдын алу әдістер және өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру туралы білімді насихаттау;

— Вакциналаудың қауіпсіздігі мен одан бас тартудың салдары туралы халықты ақпараттандыру.

А гепатитінің қохздырғышы – барлық ағзаның қызметінде маңызды рөл атқаратын бауырды зақымдайтын вирус. «А» гепатитін ішек инфекциясы секілді лас қол ауруы немесе сары ауру деп атайды. «А» гепатитімен барлық жастағы адамдар, көбінесе балалар мен жасөспірімдер ауырады.

Инфекция көзі науқас адам болып табылады. Гепатит вирусы ағзадан ішек арқылы шығып, нәжістен анықталады. Сау адамның ағзасына вирус тамақ ішкен кезде лас қолдан, сондай-ақ вирус түскен тағам мен судан түседі. Науқастың тәбеті нашарлап, қабырға астында ауру, жүректің айнуы пайда болып, жиі құсады, нәжісінің түсі өзгеріп, нәжісі ағарады, зәрі қызарып, көзінің ағы сарғаяды. Көп жағдайда ауру тұмауға ұқсас болады: дене қызуы көтеріліп, тұмау, жөтел пайда болып, бүкіл дене ауырсынады. Бұл кезеңде науқас жанындағы адамдарға қауіпті, себебі вирус ағзадан ерекше қарқынды бөлінеді. Ауру сарғаюсыз, жасырын түрде өтуі де мүмкін.

Ата-аналар, балаларыңыздың денсаулықтарына мұқият қараңыздар! Аурудың алғашқы белгілері байқалысымен дәрігерге жүгіну қажет. Балаларға арналған мектепке дейінгі мекемедегі топта және мектептегі сыныпта науқас баланың болуы бүкіл балалар ұжымына аурудың жұғу қаупін тудырады. Аурудың қаупін ескере отырып, өзіндік емделуге болмайды!

Маңызды:

— Жеке тазалық ережесені сақтаңыз, бірінші кезекте, әсіресе тамақ даярлаудың алдында қолыңызды таза сумен жуыңыз.

— Тағамға тек таза көкөністер мен жемістерді қолданыңыз.

— Қауіпсіз ауыз суды тұтыныңыз және кездейсоқ су көзінен суды тұтынудан аулақ болыңыз.

— Гепатитке қарсы уақытында вакциналаудан өтіңіз.

Қысқаша ақпарат

2011 жылы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) осы күнге (28 шілдеге) ресми мәртебе беріп,  енді ол жыл сайын Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні деп аталып өтуде.

Гепатит – вирустық инфекция тудыратын бауырдың қабынуы. Вирустық гепатиттің A, B, C, D және E деп аталатын  басты бес түрі бар. Бұл бес түрі індетке алып келетін аурушаңдық пен өлім-жітімнің таралуының көптігімен байланысты үлкен мәселе тудыруда. В және С түрі жүздеген миллион адамдарды созылмалы ауруларға шалдықтырады және бауыр циррозы мен обырының ең көп таралған себебі болып табылады.

Әдетте А және Е гепатитінің себебі лас азық-түліктерді немесе суды тұтыну болып табылады. В, С және D гепатиті әдетте ағзаның инфекцияланған сұйықтығыменпарентералдық байланыстың нәтижесінде, оның ішінде зарарлы қанды мен қан өнімдерін құйғанда, залалды құралдарды қолдану арқылы ішке жасалатын медициналық шаралардан ауруға шалдығады және В гепатитіне қатысты босану кезінде анадан балаға, отбасы мүшесінен балаға, сондай-ақ жыныстық қатынас кезінде жұғады.

Гепатит вирусы адамзаттың денсаулығы үшін негізгі қауіпті факторлардың бірі болып есептеледі. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша гепатит әлемде екі миллирдқа жуық адамды, яғни ғаламның әрбір үшінші тұрғынын зақымдаған. Кейбір елдерде А вирустық гепатитімен халықтың көп бөлігі ауырған, ал тұрғындардың оныншы бөлігі В және С вирустық гепатитін тасымалдаушы болып табылады.

Вирустық гепатит – цирроз бен обырға шалдықтыратын бауырдың жіті және созылмалы қабынуын тудыратын бауыр жасушаларында көбею мүмкіндігі бар түрлі вирустар тудырады.

Гепатиттен екі әдіс арқылы қорғануға болады. Біріншіден, тазалық сақтау арқылы аурудың жұғуынан сақтануға болады (бұл А және Е вирусынан қорғану үшін маңызды), қан құйғанда және жыныстық қатынасқа түскенде сақтану (бұл  В және С вирустарынан сақтануға мүмкіндік береді). Екіншіден, екпе жасатуға болады. Әдеттегідей, вакцина адамды А және В вирустарын жұқтырудан сенімді қорғайды. Осы екі қорғаныс тәсіл Дүниежүзілік гепатитпен күрес күнінде басты назарда болады.

Әрбір адамның гигиеналық білімді күнделікті қолдануы, А және В гепатиттерінің иммундық профилактикасының маңызын мойындау, сондай-ақ екпе науқанын өткізуге қатысу жекелеген елдердің ғана емес, бүкіл ғаламның халқының денсалығын сақтауға мүмкіндік береді.

Нұсқаулар:

— Басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтары, оның ішінде қанмен байланыстан аулақ болыңыз.

— Қауіпсіз жыныстық қатынасқа дағдыланыңыз

— Есіткілерді тұтынбаңыз

— В гепатитін ерте анықтауға қанды тестілеуден өтіңіз

Вирустық гепатит туралы нені білу қажет

•  А гепатитінің вирусы 

А гепатитінің вирусы инфекция жұқпаған (немесе вакцинацияланбаған) адам инфекция жұқтырған адамның нәжісімен ластанған азық-түлік немесе суды тұтынған кезде таралады. Ауру қауіпсіз тағам мен судың, тиісті санитария мен жеке тазалықтың жоқтығына тығыз байланысты, сондықтан оны ас қолдың ауруы деп атайды.

•  В гепатитінің вирусы(бұдан әрі — ВВГ)

В гепатитінің вирусы ауру жұқтырған адамның ағзасындағы қанмен немесе сұйықтықпен, сондай-ақ адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) байланыс кезінде жұғады. Дегенмен ВВГ АИТВ-ға қарағанда 50-100 есе жұқпалы. В гепатиті вирусының басты жұғу жолдары:

— босану кезінде анадан балаға (перинаталдық жұғу);

— баладан балаға;

— қауіпті инъекция және қан құю арқылы;

— қорғаныссыз жыныстық қатынасқа түскенде.

Әлемде ауру көп жағдайда анадан балаға, баладан балаға (әсіресе отбасында) және залалсыздандырылмаған инелер мен шприцтерді қайтадан қолданған кезде жұғады. В гепатитіне қарсы вакцинаны кеңінен қолданғанға дейін дамушы елдердегі барлық балалар осы вирусты жұқтырған.

•  С гепатитінің вирусы

C гепатиті вирусы:

— инъекцияға арналған құралдарды ортақ қолданған жағдайда инъекциялық есірткілерді тұтынудың нәтижесінде;

— медицина мекемесінде құралдарды қайтадан қолданғанда немесе медициналық қраодарды, әсіресе шприцтер мен инелерді жеткілікті залалсыздандырмағанда;

— тексерілмеген қан мен қан өнімдерін құйғанда.

— жыныстық қатынас  арқылы және науқас анасынан оның баласына жұғуы мүмкін;

С гепатиті ана сүті, азық-түліктер, су немесе қауіпсіз байланыстар, мысалы құшақтасу, сүю және азық-түліктер мен сусындарды ауру жұқтырған адаммен ортақ тұтынғанда жұқпайды.

•  Е гепатитінің вирусы

Е гепатитінің вирусы ауыз судың нәжіспен ластануының салдарынан ең басты нәжісті ауыз арқылы жұғады. Е гепатитінің қауіпті факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесінде ауру жұқтырған адамның нәжісіндегі вирус ауыз сумен жабдықтау көзіне түседі.

Нұсқаулар:

— Таза суды қолданыңыз

— Қауіпсіз азық-түлікті тұтыныңыз

— Жеке тазалық ережесін сақтаңыз

— Косметикалық шараларды арнайы мекмелелерде жасатыңыз

— Күмәнді тату, пирсинг салондар, шаштараз, сұлулық салоны, барбешоптарды айналып өтіңіз

— Сенімді мамандарға ғана жүгініңіз және барлық құралдардың сіздің көзіңізше өңделіп қапталғанын талап етіңіз.

— Есірткілерді тұтынбаңыз

— Қауіпсіз жыныстық қатынасқа дағдыланыңыз

— Гепатитке қарсы уақытылы вакциналаудан өтіңіз

— басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның ішінде қанмен байланыстан аулақ болыңыз

Вирустық гепатитті ерте диагностикалау (уақытында қан тапсыру) аурудың асқынуы мен вирустың жұғуының алдын алатынын атап айту МАҢЫЗДЫ

Гепатит туралы деректер

* Әлем бойынша 2 миллиардқа жуық адам бір кездері В гепатитін жұқтырған, ал  240 миллионнан аса адам В гепатиті вирусы тудырған бауырдың созылмалы ауруынан зардап шегеді.

* Әлемде 150 миллионнан аса адам С гепатиті вирусын таратушы; осы вируспен байланысты аурулардан жыл сайын 350 000 адам қаза табады.

* B гепатиті қан және ағзадағы басқа сұйықтықтар арқылы жұғады. Көбінесе қан құйған кезде залалды шприцтер, жыныстық қатынас арқылы, босану кезінде вирус жұқтырған анадан балаға, гепатит жұқтырған отбасы мүшесінен тығыз байланыс арқылы жұғады.

* Гепатиттің алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды: шаршау, буындардың ауыруы, қалтырау. Кейде жүректің айнуы, сарғаю, іштің ауыруы болады. Дегенмен пациенттердің көбінде анық белгілер болмайды. Белгілердің болмауынан жіті гепатитті  уақытында сирек анықтайды. Бірақ жақындарыңа жұқтырып алмау үшін өзіңде аурудың бар-жоғын білу қажет.

* B гепатиті АИТВ-ға қарағанда 100 есе жұқпалы.

* С гепатиті В гепатитіне қарағанда жазылады және көп жұқпайды. Бірақ оған қарсы екпе жоқ. В гепатитіне қарсы дәрі жоқ, бірақ  тиімді екпе бар.

* B гепатиті алғаш жұқтырған 6 ай ішінде жіті болып есептеледі. Ауру жұқтырған 10 ересектің 9-ынды жіті В гепатиті жұқтырғаннан кейін алғашқы 6 айда өздігінен жазылады. Ал басқаларында созылмалы түріне ауысады.

* С гепатиті өздігінен сирек жазылады, ал емдеусіз шамамен  80% дерегі созылмалы түрге айналған.

* Созылмалы В гепатиті анықталғаннан кейін алғашқы 5 жыл ішінде бауыр циррозы мен обырына шалдықтыруы мүмкін.

* Егер C гепатиті созылмалы түрге ауысса, онда 15-30 жылдан кейін бауыр циррозы мен обырына алып келуі мүмкін.

* С гепатитіне мына адамдар тексеруден өтуі қажет:

— 1945-1965 жылдары туылғандар (вирус анықталғанға дейін оның таралуы бақыланған жоқ, ал бір реттік медициналық құралдар ол уақытта қолданылмаған);

— 1992 жылға дейін қан құйылған немесе донор ағзаларды ауыстырған (осы мерзімнен кейін донор материалы вурысқа тексеріле бастаған)

— бір кездері (бір рет болса да) тамыр ішінен дәрі жіберілгендер.

* Егер С гепатитінің вирусы анықталса, оның  генотипі мен вирустық жүктемесінің деңгейін анықтау дұрыс ем жүргізу сызбасын таңдауға мүмкіндік береді.

* Созылмалы В гепатиті емделмейді, бірақ бақылауда ұстауға және аурудың тежеуге болады.

С гепатиті  қан арқылы жұғады. Бірақ емшек сүті, азық-түліктер және су арқылы жұқпайды. Көбіне С гепатитін жұқтырғанда вирус жұғатын қанмен байланысты орын болады. Ол залалсыздандырылымаған құралдарды қолданудың нәтижесінде орын алады. Ол мекмеде санитарлық ережелерді сақтамағанда байқалады. Мұндай оқиғалар тісті жұлғанда, кейбір эндоскопиялық оталарды жасағанда құралда С гепатиті вирусы бар қан қалғанда орын алуы мүмкін. Мұндай косметологияды жиі байқалады. Жұғу тәсілдері түрлі C гепатиті  пирсинг немесе татуировка салғанда жұғуға қабілетті.

Бұл шараларды жасағанда терінің жарақаттануын мен қан кету жиі орын алады. Шеберлерде сұрау және құралдарды залаласыздандыруға арналған құралдардың болуын тексеру қажет. Пирсинг немесе татуировка салғанда маман міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (қолғаптарды) қолдануы қажет. Кейде  C гепатитін шаштараздан, ине салдырған кезде жұқтырады.

 



Источник: www.auliekol-crb.kz


Добавить комментарий